about us icon Біз туралы

Басшылық

head doctor photo

Сапаргалиева Айгуль Октябревна

Бас дәрігер

Врач акушер-гинеколог

Задать вопрос Руководителю

Сапарғалиева Айгүл Октябревна, 14.05.1972 жылы Ресейде Ивановск облысында туылған, қазақ. 1979 жылдан 1989 жылға дейін орта мектебінде білім алды.1989-1995 дейін Ақмола мемлекеттік медицина институтында, емдеу факультетінде оқыды, институтты бітіргеннен кейін дәрігер дипломын иеленді. 1995 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін Шымкент қаласының №1 облыстық перинаталдық орталығы базасында Акушерлік және гинекология мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1996 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін Арыс қаласының перзентханасында акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді. 1996 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың ақпан айына дейін Шымкент қаласының №4 перзентханасында акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді. 2010 жылдың ақпан айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін ОҚО денсаулық сақтау басқармасында әкімшілік жұмыстар және лицензиялау бөлімінде, одан кейін ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы, 2015 жылдың ақпан айынан ОҚО ДСБ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2003-2005 жылдары ОҚМФА акушерия және гинекология кафедрасында акушерия және гинекология мамандығы бойынша клиникалық ординатураны өтті.. 2005 жылдан бастап ОҚМФА акушерия және гинекология кафедрасында қоса қызмет атқарды. 2010 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау”мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санаты және Акушерлік және гинекология бойынша жоғары санаты бар. 2014 жылы “ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі” медалімен, 2016 жылы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына”медалімен марапатталды.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Реабилитационный центр №2"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, Диваева №32

rebcenter2@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-33-71
Медициналық мекеменің байланыс орталығы