about us icon Біз туралы

ГКП на ПХВ "Реабилитационный центр №2"

diagnostika photo

1937 жылдан бастап біздің кәсіпорынның ғимаратында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін № 1 қалалық балалар ауруханасы жұмыс істеді. 1967 жылы жаңа корпус салынды.

1974 жылы балалар емханасымен қосылу жолымен аурухана № 1 балалар медициналық бірлестігі болып қайта құрылды, ол 1998 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істеді. Балалар ауруханасының базасында 14 жасқа дейінгі балалар үшін 155 төсек орын ашылды, оның ішінде:

– 35 төсекке 1 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық (емізулі балаларға) бөлімше;

– 60 төсектік кардиоревматологиялық бөлімше;

– 60 төсектік неврологиялық бөлімше, оның ішінде 20 төсектік нейроинфекциямен.

Физиотерапия, массаж және емдік дене шынықтыру кабинеттері, тіс кабинеті, ЭКГ, емшара кабинеттері, клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істеді.

1998 жылы № 1 балалар ауруханасы балалар, жасөспірімдер және студенттер денсаулығын қорғау орталығы болып қайта құрылды, 2004 жылы орталық № 3 қалалық емхана болып қайта құрылды.

2005 жылы емхана таратылғаннан кейін балаларға стационарлық, білікті, мамандандырылған, медициналық көмек көрсету үшін № 2 Шымкент қалалық балалар ауруханасы қайта құрылды. Барлығы 100 төсек орын ашылды, оның ішінде:

– 1 айға дейінгі нәрестелер мен шала туылған балаларға арналған педиатриялық бөлімше-30 төсек;

– 1 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық (емізулі балаларға) бөлімше-40 төсек;

– 15 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық бөлімше-30 төсек.

Оның ішінде ауыр науқас балаларға арналған 6 реанимациялық төсек орын жұмыс істеді.

2008 жылы балалар стационарларының құрылымы және Шымкент қаласындағы балаларды емдеуге жатқызу тәртібі өзгертілді.

Енді № 2 МКДБ базасында 100 төсек жұмыс істеді:

– 1 айға дейінгі нәрестелер мен шала туылған балаларға арналған педиатриялық бөлімше-30 төсек;

– 1 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық (емізулі балаларға) бөлімше-70 төсек.

Оның ішінде ауыр науқас балаларға арналған 12 реанимациялық төсек.

2012 жылдан бастап № 2 ШҚБА базасында балалар ауруханалары қайта құрылғаннан кейін 15 жасқа дейінгі балаларды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту үшін 100 төсек-орын жұмыс істеді: – 60 төсекке 30 күннен 1 жасқа дейінгі ерте жастағы балаларды оңалту;

– 20 төсектік ортопедиялық паталогиясы бар балаларды оңалту;

– 20 төсектік кардиохирургиялық коррекциядан кейінгі балаларды оңалту.

2018 жылы № 2 МГДБ № 2 облыстық балаларды оңалту орталығы болып, ал облыс пен қала бөлінгеннен кейін № 2 Оңалту орталығы болып өзгертілді.

2019 жылдан бастап орталықта 18 жасқа дейінгі науқастарды қалпына келтіру және медициналық оңалту үшін 116 төсек орын жұмыс істейді:

– 60 төсекке арналған 5 жасқа дейінгі ерте жастағы балаларды оңалту;

– 40 төсекке ортопедиялық паталогиясы бар балаларды оңалту;

– 16 төсекке кардиохирургиялық коррекциядан кейінгі балаларды оңалту.

Сондай-ақ физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімі, клиникалық-диагностикалық зертхана, ультрадыбыстық диагностика кабинеті жұмыс істейді. Орталықта білікті мамандар жұмыс атқаруда: дәрігерлік персонал, психологтар, логопедтер, дефектологтар.

 

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Реабилитационный центр №2"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, Диваева №32

rebcenter2@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-33-71
Медициналық мекеменің байланыс орталығы