about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкент қаласының №2 оңалту орталығында жөндеуден кейін жаңа бөлімше ашылды

Шымкенттегі күрделі жөндеуден өткен №2 оңалту орталығынан бүгін «Қамқорлық» ерте…

3, апреля 2023

Шымкенттегі күрделі жөндеуден өткен №2 оңалту орталығынан бүгін «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды.

«Қазақстан халқына», «Қамқорлық», «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық қорлары арасындағы меморандум аясында ашылған бөлімшеде неврологиялық, ортопедиялық және кардиологиялық патологиялары 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетіледі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықтың ашылуына арналған жиынға қатысып, сөз сөйледі. «Бұл қаламыз үшін инновациялық орталық болып табылады. Мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балаларымызды белсенді өмірге бейімдеп, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуге ықпал ету. Мамандар әр баланың ауру тарихын ескере отырып, жеке бағдарлама аясында емдеу жүргізеді. Балаларға жағдай жасау, қамқорлық көрсету – азаматтық борышымыз» – деді қала әкімі.

Мұнда нейро-ортопедиялық ауруларға, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға заманауи әдістемелерге негізделген оңалту қызметтері көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаттығу залдары және Механотерапия, Эрготерапия залдары қарастырылған.

Бөлімше оңалтуды қажет ететін балаларды тиісті ем-шаралармен қамту көрсеткішін арттыра отырып, мүгедектікті барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Реабилитационный центр №2"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, Диваева №32

rebcenter2@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-33-71
Медициналық мекеменің байланыс орталығы