🎊Шымкент қаласында алғаш рет 3 жасқа дейінгі дамуында кінәрат бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды.
❗️Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан осындай 6 орталық қолданысқа берілсе, енді тағы 13-ін іске қосуға «Қазақстан халқына» қоры ниет танытып отыр.
⏳️Шымкенттегі орталықта жыл сайын дамуында кінәрат байқалған және олардың туындау қаупі бар 600 жас бала абилитациялық және оңалту көмегін алатын болады, сондай-ақ озық үлгілі жабдықта диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.
🔸️Балалармен оңалтушы дәрігерлерден, неврологтардан, емдік-дене шынықтыру нұсқаушыларынан, эрготерапевттерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде жалпы 7800 бүлдіршінге көмек көрсетіледі.
✅️Осылайша компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 13 ерте араласу орталығын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға биыл 750 млн теңге бөлінді.